Басты бет/ Қазақ өнерінің белгілері мен нышандары / Қазақ ою-өрнегінің тілі /«Балдақ» 
Артқа

«Балдақ» 

 
 

Ерекше өрнек – бүркітпен атқа міну кезінде қолдың ыңғайлы орналасуы үшін бүркітті қондырған тұғырдың көркем нұсқасы. Бір композицияға біріктірілген бұл өрнек күрделі сәндік нақышты құрай отырып, киіз бен кестелі бұйымдарды безендіруде қолданылады. Ою-өрнектердің ирелеңденген түріне жатады.

 

Сірә, «балдақ» оюының нышандық мәні оның тірек, қолдау және күш қызметімен анықталады. Бұл бейне ғаламдық мәдениетте де кездеседі, қытайлықтар арасында балдақ қолдау мағынасы бар эмблемалардың бірін құрайды, ал христиандықта ол Әулие Антонийдің эмблемасы, грек-рим дәстүрінде мифтік темір ұстасы Гефесттің атрибуты болып табылады. Мағынасы жағынан таяққа, асатаяққа, т. б. жақын. Ғаламдық мәдениетте, өздеріңіз білетіндей, таяқ – бұл Ғаламдық ағаш, яғни Бәйтеректің кескіндемесі, бақсылардың, абыздардың, көсемдердің, көріпкелдердің, жыраулардың және рухани күш-қуаты жоғары басқа санаттағы адамдардың атрибуты.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.